Қорқыныш пен дүрбелең: Қазақстанда болған 6 ащы әзіл (видео)

Жұма, 4 Қараша , 2016 16:16

Шетелдік арналардан қоғамдық эксперименттер жасалып, пранктердің жиі түсірілетінін көреміз. Соңғы бірнеше жылда бұл үрдіс біздің елімізде де белең алып келеді. Әсіресе, жастар арасында.

капеауу

Stan.kz Қазақстандағы әзіл-қалжыңға негізделген 6 оқиғаны назарларыңызға ұсынады. Олардың арасында сіз де болуыңыз мүмкін.

Алматылық жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасамас бұрын оны жақсылап қорқытты

Романтикалық ұсыныс деген кезде, бірден көз алдымызға бір шоқ раушан гүлі, қымбат сақина мен шарлардың келетіні анық. Десе де, алматылық жігіттің қиялы өзгелерінен ерекше болып шықты. Ол өзінің қызын қуантпас бұрын, қатты қорқытты. Қару асынған жігіттер мен қызының құрбыларымен қосылып мәңгілік есте қалатын “қойылым” ұйымдастырды.

Бойжеткен құрбыларымен көлікте кетіп бара жатады. Осы сәтте оны қару асынған бір топ жігіт тоқтатып, көліктерінен есірткі табады. Өз көздеріне өздері сенбеген қыздар ақталып, әуре-сарсаңға түседі. Жағдай ушығып бара жатқан сәтте жігіт қызына ұсыныс жасайды. Мұндайды күтпеген бойжеткен бір жылап алады.

Студенттер жоғары жалақы үшін бастықтарына интимдік қызмет ұсынуға дайын ба?

Пранкерлер қазақстандық студенттердің жоғары жалақы алу үшін қандай жұмысқа дайын екендерін байқап көрді. Алдымен, оларды дәмханаға сұхбатқа шақырып, қызмет ұсынды. Жұмыс беруші тарап хатшылыққа интимдік қызметтің де қосылатындығын айтып өтті. Ең бастысы, жалақының қандай болатындығын жастардың өзі таңдады. Бір бойжеткендер бұл ұсыныстан бас тартса, енді бірі сүйіктісінің бар екеніне қарамастан келісті. Арасында ер бастықпен жақындасуға қарсы болмайтын жігіттер де болды.

Амалсыздан мәйіт тасымалдау

Жоғарыда жастар сұхбатта күліп отырса, бұл жолы олардың бойын үрей биледі. Арасында істі болып, ертең сотталып кетермін деп күдіктенгендер де табылды. Себебі, пранкерлер оларды мәйітті тасымалдауға мәжбүрлеген еді. Қарсы алдында пышақ ұстаған екі азаматты көрген соң, олар бұл істен бас тарта алмады. Артынша мұның әзіл екенін түсініп, көздеріне жас алды.

Кейде жақын достар уақытша дұшпаныңа айналады

“Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын” деп осындайда айтса керек. Себебі, видеодағы бойжеткеннің достары оны туған күнімен құттақтаудың ерекше тәсілін тауыпты. Олар арнайы адам жалдап, бойжеткенді алып қашпақ болады. Бойжеткен өз туған күнінде жат жұрттық болғысы келмесе керек. Өзін алып қашпақ болған адамдарға қарсыласып, тіпті, боғауыз сөздер айтып жібереді. Артынша мұның достарының әзілі екенін білген соң, қатты ашуланады.

Алматыда Хэллоуин мерекесі жалғасуда

Бірнеше күн бұрын Алматыда Хэллоуин мерекесіне орай түсірілген сурет жұрттың талқысына түскен-ді. Көпшілік аталған мерекеде ұлттық киім киіп жүрген стилистің әрекетін түсінбеді. Мұны “ұлттық киімді қорлау” деп бағалады. Осы тақырыптың өзектілігін пранкерлер пайдаланып қалғылары келген сыңайлы. Олар бұл мерекеде қорқынышты бет перде киіп, жұрттың зәресін алды. Қыздар ғана емес, жігіттер де өре түрегеліп, қатты қорыққандарын айтып жатты.

Жүректі айнытатын әзіл

Әр елдің салты басқа демекші, пранктердің мазмұны бір болса да, оларға танытар реакция әркімде әртүрлі. Мысалы, төмендегі видеоны алып қарайық. Жігіт дәретханада отырып көрші кабинадан қағаз сұрайды. Кейін нәжіс жағылған қолымен сол қағазды алмақ болады. Қорықпаңыздар! Бұл жәй ғана Nutella шоколадының бір қасығы.

Ал сіздің мұндай жағдайларға тап болған кезіңіз болды ма? Болса, қызықты естеліктеріңізді Stan.kz оқырмандарымен бөлісе отырыңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті

Дәретханаға кезек күтіп тұрған танымал әзілқойдың әні ғаламторды «жарды» (видео)

Мейрамбек әзілдеспек болған Лұқпанға ыстық қасық басып алды (видео)

Тұрсынбаева марқұм Оразәлінің балаларына әкелерінің бір әзілін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар