Көркі көз тартатын ұшқыш ару Инстаграм жұлдызына айналды (фото)

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 18:36

Ұшқыш ару өзінің сүйкімді суреттерін Инстаграм желісіне жиі жүктеп, аты мәшһүр болып шыға келді. Ол азаматтық авиация ұшқыштарының шын мәнінде қалай өмір сүретінін көрсеткендей.

Pilot-main

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Мария Петтерсон әлеуметтік желіде жұмыстағы, ұшқыш кабинасындағы, ұшуға дайындық сәтіндегі суреттерін салып, бүгінде 128 мыңнан астам оқырман жинап алған.

32 жастағы швед әйелі жұмыстан тыс кездегі хоббиімен де бөлісіп, тұрмыстық суреттерін де жиі жариялайды. 

Гетеборг қаласында туған Мария қазір Палермода тұрып жатыр.

25 жасында пилот атанған ол, туыстары мен достарына өзінің әдеттегі өмірін паш ету үшін жиі суретке түсіп бастаған. 

“Мұндай салада жұмыс істеу, негізінен ер адамдар басымдық ететін саланың қиындығына төзу деген сөз. Біз олардан еш кем емеспіз. Тек өз-өзіңе деген сенім болып, өмірді белсенді әрі көңілді сүру керек”, – дейді ол.

Жұмыс бабына байланысты әлемнің әр түкпіріне баратынына қарамастан, ол негізінен бос уақытында қыдырған сәттерінен көп ләззат алады. “Демалыс кезінде мен барынша көп саяхаттауға тырысамын. Осы жазда мен Берлин, Лондон және Стокгольмге бардым. Жазғы демалысты теңіз жағалауында өткізген ұнайды”, – дейді Мария. 

Оған әсіресе Колумбияның табиғаты мен ондағы жағалаулар ұнайды екен. Тағы бір ұнап қалған қала – Нью-Йорк. Бұл қалаға пилот әлі бірнеше рет баруды армандайды.

Woop Woop pull up,  island life is calling 🌴☀️🌤

Фото опубликовано Maria (@pilotmaria)

Инстаграм желісінде танымал болғаннан соң, ол сәуір айынан бастап PilotMaria.com деп аталатын өз блогын жүргізе бастады. Онда ол өз жұмысы туралы кеңінен әңгімелейді.

30 жасында азаматтық авиция саласына келген Мария, қанатының өзі 34 метр болатын, ішіне 200 жолаушы еркін мінетін Boeing 737 ұшағын басқарады. “Біз мәселен Фьюмичино әуежайында ұшып, қону жолағын Airbus 380 секілді ұшақтармен бөліскен сәтте, біздің ұшақтың үлкен екенін сезінбей қаламын”, – дейді ұшқыш.

Ұшқыштың оқуын оқу тым қымбат болғанына қарамастан, Мария бұл ретте бірінші байлық емес, ниет керек деп санайды. 

Happy Weekend 😘 Don’t forget to change to summer time Saturday night 😉

Фото опубликовано Maria (@pilotmaria)

“Мен оқуға түскенше бәрін үнемдеп, жұмыс істеп жүрдім. Нәтижесінде менің оқуыма 65 мың евро жұмсалды. Ол кезде менің жасым 24-те еді. Оқуымның ақшасын төлеу үшін өте көп жұмыс істедім. Ауыр еңбек өз-өзін қазір ақтап жатыр, ең бастысы менің арманым орындалды”, – дейді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар