Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көркемдік кеңес Астанадағы даулы мүсінге қатысты шешім шығарды

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы ғашықтар саябағында орналасқан “Бақытым менің” мүсіні бойынша өткен көркемдік кеңестің қорытындысын жария етті.

photo_24948

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлайды.

“Скульптуралық даму жөніндегі көркемдік кеңестің бірінші жиналысы болып өтті. (…) Комиссияның құрметті мүшелері мүсінге мата жапқандарға қарағанда оптимистік көзқараста. Олардың пікірінше, айтарлықтай ереже бұзушылық немесе көз тоймайтындай, жалаңаштанған ештеңесі жоқ. Барлығы бұл туындыға жоғары баға беріп отыр”, – деді Мұхамедиұлы Парламенттің үзілісінде тілшілерге жауап беру кезінде.

Ол жұртты сабырға шақырып, көркемдік кеңестің қорытынды шешімін күту керек екенін айтты. “Бұл бірінші отырыс. Біз қазір автордан ұсыныс күтіп отырмыз, себебі бұл оңай мәселе емес. Мұнда “иә” немесе “жоқ” деп дауыс бере салатын жағдай емес, басқа мамандардың да пікірін сұраймыз. Мұнда бүге-шегесіне дейін зерттеу керек. Себебі жағдайлар болуы мүмкін. Егер қазір мүсін біздің нормативтерге сәйкес келмейді десек, онда бүкіл Қазақстан бойынша тексеріс жүргізуіміз керек болады”, – деді министр.

Талқылау