Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғастағы төбелесті шекарашының өзі бастаған – күдіктінің қорғаушысы оқиғаның видеосын жариялады

Қорғас шекарашысын соққыға жыққан күдікті өзін жәбірленуші деп есептейді. Оның қорғаушысы төбелесті қазіргі уақытта ауруханада жатқан 25 жастағы шекарашы бастады дейді. Ол өз сөзіне дәлел ретінде бейнебақылау камераларына жазылған видеоны жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Қорғастағы төбелесті шекарашының өзі бастаған - күдіктінің қорғаушысы оқиғаның видеосын жариялады

Айыпталушының қорғаушысы ұсынған видеода төбестің қалай басталғаны анық көрінеді. Қазақстан-Қытай шекарасындағы оқиға бір апта бұрын болған. Алдын ала болжам бойынша, Қорғас шекарашысына шабуыл жасаған ер адам сол орталықтың қызметкері. Ал, соққыға жығылған әскери қызметкер ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері «Қорғас» халықаралық шекара орталығының аумағында орнатылған бейнебақылау камераларынан алынған видеоны мұқият зерттеуде. Ұсталған ер адамның қорғаушысы видеода төбесті кімнің бастағаны анық көрінетінін айтты. Оның сөзінше, шекарашы орталық қызметкері Әзілхан Әзімханға жақындап, оны итеріп жіберіп, жұдырық ала жүгірген.

«Камерада төбелесті кімнің бастағаны және кімнің аяқтағаны анық көрінеді. Сондай-ақ, бұл жанжалға кінәлі адам да және қызметкерді тоқтатқандар да видеода көрсетілген. Онда олардың бет-әлпеті анық көрініп тұр. Қорғауымдағы азамат шекарашыға дене жарақатын келтірмес бұрын өзі соққыға жығылған»,- дейді Әзілхан Әзімханның қоғаушысы Бірлікбай Жармұханбетов.

Атышулы төбелес өткен аптада болған. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыстың басталу себебінің бірі инспекция ережелерін бұзу болып отыр. Сол кезде Әзімханда кіру-шығу қағазы болмады. Бірақ ол соған қарамастан бекеттен өтпекші болған, бірақ әскери қызметкер оны арнайы кіргізу қағазынсыз өткізуден бас тартты. Бірақ, орталық қызметкері еш ойланбастан ефрейторға шабуыл жасап, мәселені жұдырықпен шешпекші болды.

Оларға сарбаздар мен жолаушылар араша түсіп, төбелесті тоқтатуға тырысты. Көптеген дене жарақатын алып, жағы сынған шекарашы бірден ауруханаға жатқызылды. Ал, әскери қызметкерді соққыға жыққа күдіктіні полиция қызметкерлері қамауға алды.

Алайда, Әзілхан Әзімханның қорғаушысы күдіктіге қарсы қолданылған алдын-алу шарасына келіспей, таяу уақытта оған шағымдануға ниетті. Бірақ қорғаушы шекарашының сол күнгі әрекетіне көңілі толмай отыр.

«Қоғамдық тәртіпті қадағалаудың орнына, ол өзі бірінші болып жұдырық ала жүгірді. Әскери қызметкер бола тұра азаматтың намысына тиіп қорлап, ұрады. Бұл әрекетке байланысты әскери прокуратура өз бағасын береді деп ойлаймын»,-дейді күдіктінің қорғаушысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау