Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаста әріптесін пышақтап өлтірген 22 жастағы азаматқа сот үкімі шықты

Қорғастағы адам өліміне байланысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Диас Кәріпжанов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 22 жастағы азамат«Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды.

564651212

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Оның баласы келетін бала, ал біздің бала келмейтін бала ғой», – деп зар жылады марқұмның жақындары.

Қайғыдан қабырғалары қайысқан Қуаныштың туыстары өздерін қалай жұбатарын білмейді. Отбасы жалғыз ұлдарынан айырылып қалғанына әлі де сенер анар емес. Жаза тым жеңіл деп отыр. Сондай-ақ ана жүрегіне қатты батқаны мынау екен.

«Өліп қалған адамның атынан соншама қорлау сөздер айтып жатыр. Неше рет қорлық көрді деді. Ол Диасты қорғану үшін менің баламның атына айып тағып отыр», – дейді жәбірленуші Қуаныш Төлегеновтың анасы Жанар Смағұлова.

Ал айыпталушы Диас Кәріпжанов өзімен әріптес болып, Қытайдан бірге тауар әкеліп  жүрген азаматқа қалайша пышақ сұғып, өлтіргенін  түсіндіре алмады. Сотталушы дәл сол сәтті суреттеп бере алмаймын дейді. Себебі, осы қанды қылмысқа дейін Қуаныш пен Диастың арасында кикілжің болған екен. Қуаныш тағы бір азаматпен Диасты ұрған көрінеді. Тіпті жамбас тұсына пышақ та сұққаны сотта айталды. Айыпталушы тараптың туыстары сол себепті баламыз қорғанды, қасақана өлтірмеді деп отыр.

«Пышақ тықты санына, Диас жатқан кезінде. Видеокамерада қан қап-қара болып көрініп тұр», – дейді айыпталушы Диас Кәріпжановтың әкесі.

Ал прокурор қауіпсіздік қызметі қатаң жұмыс істегенде мұндай қылмыс болмас еді дейді. Енді бұл жайт Қорғас шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы мамандарға жақсы сабақ болса игі. Себебі қанды қылмыс дәл осы жерде болған. Ал екі жігіттің суық қаруды қалайша емін-еркін алып жүргеніне жауап жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде директор хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойды

Атышулы Тоқтар Төлешовтің ісі басқа бапқа ауыстырылды

Көкшетауда 70 жастағы әжей өзін пышақтап тастаймын деп жанжал шығарды

Алматыда ұлдарын асқан қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты жаңа деректер шықты

Талқылау