Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қорғас” аумағында әскери қызметкер соққыға жығылды (видео)

Қытаймен шекарада орналасқан «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының аумағында әскери қызметкер мен  ер адам төбелесіп қалған.

"Қорғас" аумағында әскери қызметкер соққыға жығылды (видео)

Болған оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кетті. Анықталғандай, оқиға салдарынан әскери қызметкер түрлі жарақат алып, Жаркенттегі ауруханада жатыр. Ал онымен төбелескен ер адам тұтқындалып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, әскері қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін орындап, «Қорғас» ХШСО аумағында адамдардың өтуін бақылап тұрған.

«Оқиға 19 қыркүйекте кешкі уақытта орын алды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 380-бабына (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұтқындалып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Істі тергеу Панфилов аудандық ІІБ-ге тапсырылды», – дейді облыстық полиция өкілі Көбей Нұрахмет.

Сонымен қатар ведомстводағылар қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

Болжам бойынша, күдікті – «Қорғас» ХШСО-ның 1991 жылғы жұмысшысы. Ал жәбірленуші шекаралық әскердің әскери қызметкері. Ол 1993 жылы дүниеге келген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау