Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар Отан қорғаушылар күніне орай әлеуметтік желіде акцияға қатысуда

ҚР қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күнінен орайластырылған жаңа акцияны әлеуметтік желілерде бастап кетті.

11698817

Суреттер ҚР қорғаныс министрлігі

“Ерлерді 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін қысқаша видео немесе селфи түсіріп өз парақшаларыңызға салып қойсаңыздар жеткілікті. Акция әлеуметтік желілерде #kzarmy және #7мамыр хэштегімен басталады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Фото немесе видео құттықтауды әлеуметтік желіге жариялап, эстафетаны туысыңа, досыңа немесе әріптесіңе ұсынға болады. Аквагрим мерекелік белгі және қолға жазылған жазумен өрнектелуі тиіс.

“Идеяны алғаш болып қолдап эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов және тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы өзге де танымал түлғалар құттықтады”, – деп хабарлады министрлік.

11699020

“Мәңгілік ел” тұғыры – Қуатты Армия!” ортақ ұранының аясында биылғы Отан қорғаушылар күні тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Республика Отан қорғаушылар күнін алғаш рет 2013 жылдан бастап атап өте бастад. Заң жобасына Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы қазан айында қол қойған.

11699131

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан қарулы күштерін құру туралы қаулыға қол қойылды.

отанқорғау2

отанқорғау

отан-қорғау

Талқылау