Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғансыз сәбидің зары: Журналистің Мьянмадағы суреттер фейк дегендерге жауабы (видео)

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Мьянмада қырылып қалған мұсылмандардың жақындарына қолдау көрсету үшін Қазақстаннан Араканға аттанар делегация мен еріктілер тобы болса, солармен қосылып еріп баруға дайын екенін жеткізген еді.

pedofil_2

Журналист жақындарынан айырылып, егіле жылап тұрған Мьянма ер азаматтарының видеосын жариялады. Енді желіде Мьянмада қорғансыз сәбиге қиянат жасап жатқан видеоны жариялады.

“Қалайша фейк? Құдайым-ау, естеріңнен алжастыңдар ма? Жарайды, мен сенейін сол суреттерге. Ал бір мемлекетті уысында ұстаған басшылар осыншама ақымақтыққа бармайтын шығар?! Не деп оттап отырсыңдар?!

Мен – Адаммын! Бірақ, менің кеудемде – ЖҮРЕК бар! Менің сол жүрегім электрошокермен кішкентай сәбиді қорлап жатқанында, сыздайды. Көзім бар. Көзімнен жас ағады. Өліп қалған анасының емшегіне жармасқан сәбиді көргенімде, сол жүрегім қан жылайды. Ал, сенің Жүрегің жоқ па? Егер дәл солай сенің жақыныңды қорласа не істер едің? Осылай сайқымазаққа айналдырып отырар ма едің?!

Мына видеоны желіге әдейі салып отырмын. Тас жүректері жібіп, көзіне жас келтірер. Осы видеодағы сәбилердің шыңғырған дауысы Путинді орынан қозғалтты, Ердоған мен Қадыровты жылатты. Рим Папасын сөйлетті. Жүрегі әлсіздер көрмесін”, – деп жазады ол.

Видеода ер адамның сәбиге ойына келгенін істеп, қорлап жатқаны түсірілген.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел сотталды

Қостанайлық бойжеткен өмірін құтқарып қалған жігітке іздеу салды

Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Талқылау