Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрлігі тікұшағының апаты: Қаза тапқандардың есімі белгілі болды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында құлаған МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелерінің есімі белгілі болды. 

Сурет: Роман Костыговтың желідегі парақшасынан

Әскери тікұшақ Ақтау гарнизонының №30153 авиация бөліміне тиесілі болған, деп хабарлайды «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Басылым мәліметінше, қаза тапқандар арасында экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б.Айтбаев және борт технигі, майор Тимур Құдайбердиев бар. 

Сонымен қатар тікұшақ бортында майор Д.А.Қоңырбай, капитан С.М.Масалим, аға қызметкер М.Р.Шәріпов, кіші сержант А.Т.Әбділманов, аға лейтенант Г.К.Рахымбаев, евфрейторлар Б.Байбақов, М.Жұматов, А.Әбділдинов, К.Сарқытбаев болған. 

Сонымен қатар басылым мәліметіне сәйкес, тікұшақ 27 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:03-те Ақтаудан ұшып шығып, Бейнеуге жетіп, сол жерден сағат 12:36-да Крайний әуежайына бағыт алған. Тікұшақ Шымкентке сағат 17:50-де ұшып шыққан. Ал сағат 18:30-да Жалағаш елді мекенінің солтүстік-батысынан 15 шақырым жерде радиолокациялық белгінің және бортпен байланыстың жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. "Алтын Жебе" атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр