Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Корейлік дәрігерлер 2 жасар алматылық бүлдіршіннің даусын қалпына келтірді

Корей дәрігерлері ерекше ота жасады. Сеулде бүлдіршіннің дауысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Тэя Ахмедоваға қылшықтың папилломатозы деген сирек кездесетін диагноз қойылған. Бүлдіршіннің тамағына өскен ет оның сөйлеуіне, тыныс алуына кедергі болды. Мұны Қазақстанда емдей алмайды. Корейлік «Есон» дауыс орталығы қайырымдылық бағдарлама арқылы, бүлдіршінге тегін ота жасады.

Анасы қызының сау болып туғанын, 8 айында даусы жуандана бастағанын айтты. Тыныс алуы нашарлаған. Қазақстандық дәрігерлер фарингит диагнозын қойды. Уақыт өткен сайын жағдайы нашарлай бастаған соң, олар шетелден ем іздеген.

«Біз оның даусын естіген жоқпыз. Егер өзгелермен танысса, «Менің даусым шықпайды, сөйлей алмаймын» деп түсіндіретін», – дейді анасы Таис Ахмедова.

Бүлдіршінге екі ота жасалды. Әрқайсысы 15 мың доллар тұрады. Ата-анасы қолында барының бәрін састты. Үшінші отаны тегін жасады.

«Ота кезінде микроқұралдарды пайдаланамыз. Онымен папиломатозды тінде тазалаймыз», – дейді Ким Хёнтэ «Есон» орталығының басшысы.

Ким Хёнте дауысты қалпына келтіру емханасының профессоры. Ол бұл әдісті өзі ойлап тапқан. Бірнеше жылдан бері тәжірибеде пайдаланып келеді.

Оның айтуынша, қыздың дауыс байланысы жоғалып, өлі ет шығып кеткен. Әзірге оның күлуіне, айқайлауына, жөтелуіне болмайды. Тамақ ішуде де өз ережесі бар.

Корей дәрігерлері баланың даусы жақсарады деген сенімде. Ата-анасы екі айдан соң қыздың өзі корей дәрігерлері хабарласып, алғыс айтады деген үмітте.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау