Корея президенті: Қазақстанда кәрістерді “төртінші жүзге” жатқызады

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 9:42

Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуы атап өтілді. Сондай-ақ, корейлердің Қазақстанға депортациялануына 80 жыл толғандығы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған күнге орай Қазақстанға Кореядан арнайы меймандар келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай іс-шараға қатысушыларға арнап ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хатын оқыды.

«Құрметті отандастар, кәрістердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толған мерейлі мерекемен Сіздерді құттықтаймын. Сіздер төзім мен еңбектің арқасында, ынтымақ пен қазақ халқына түскен қиындықты бөлісе білген бірліктеріңізбен ауыртпашылықты көтере білдіңіздер. Бүгінде кәріс этносы- тұтас Қазақстанның ажырамас бөлігі, ал оның өкілдері Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы еліміздің бірлігіне қызмет ететін азаматтық қоғамның тиімді институтына айналды. Тарихи отанымен қарым-қатынасын сақтай отырып, кәріс этносының көптеген өкілі осы әлеуеттерін Қазақстан мен Кореяның әріптестігі мен ынтымағын арттыруға жұмсап келеді», -делінген елбасы хатында.

Бұдан кейін қонақтарға Корея президентінің видео жолдауы көрсетілді.

«Қазақстан мен Кореяның достығын нығайту жолында Сіздер аз күш жұмсаған жоқсыздар. Мен Сіздермен мақтанамын. Қазақстанда кәрістерді құрметтейді, тіпті «төртінші жүзге» жатқызады. Мен мұны Қазақстанға жер аударылған алғашқы буынның еңбегінің әрі Қазақстанның толерантты саясатының нәтижесі деп есептеймін. Кәріс диаспорасының алғашқы буынына, әрі Қазақстан Президентіне алғысымды білдіремін. Олардың өткені, сол жылдардағы қиындықтарды еңсере білген Қазақстанның да, Кореяның да мақтанышы. Қазақстанда Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғалардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Корея Республикасы оны ешқашан ұмытпайды, Сіздер сол тарихтың тірі куәгерісіздер. Біз Сіздердің ұлттық тұтастықтарыңыздың сақталуына белсенді қолдау көрсететін боламыз. Бүгінгі мереке өткен күннің естелігі, жарқын болашақтың үміті болсын деп тілеймін. Корея халқының атынан сәлемімді қабыл алыңыздар», – деді Корея Республикасының президенті Мун Дже Ин бейнежазбада.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Алматыдағы сапарынан кейін арнайы мәлімдеме жасады

“Ахметов ісі” бойынша сотталғандардың барлығы түрмеден шығып үлгерген

Бостандыққа шыққан Ахметов 4 жыл бойы үйқамақта отыратын болды

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар