Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Көреалмаушылықты сеземін": Динара Сұлтан өзін жақтырмайтындар туралы айтты

Белгілі әнші Динара Сұлтан өзіне қырың қарайтындардың көбейгенін, көралмаушылықты сезетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Динара

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында музыкаға неше жасынан бастап қызығушылық танытқанын айтты. Динара Сұлтан Лаки Кесоглуның шәкірті болғанын да жасырмады. Әлі де білімін жетілдіріп, өзін кәсіби маман ретінде дамытып жүр екен.

«Мен ән айтуды өте жақсы көремін. 5 жасымнан әртүрлі жарысқа қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. 7 жыл бойы ҚР Халық әртісі Лаки Кесоглу ағайымызда оқыдым. Әлі күнге дейін оқимын, магистратурада», - дейді әнші.

Өнер жұлдызы жекпе-жек шоуында өзін жақтырмайтын, жетістігін көреалмайтын адамдардың көбейіп бара жатқанын сезетін көрінеді. Әндерінің түсініксіз болуы мүмкін екенін ескерткен Динара репертуарының көбін өзі жазғанын да жасырмады. Сонымен қатар, әнші тыңдармандарына алғысы шексіз екенін айтты.

«Соңғы кезде жекпе-жек шоуында маған деген жақтыртпаушылық қызуда. Неге екенін білмеймін, бірақ көреалмаушылықты сеземін. Мен үшін ең бастысы әрине сапалы әндер, ғұмырлы әндер, сапалы музыка! Сондықтан көп адамға әндерім түсініксіз шығар, көбін өзім жазғанмын. Тойдың әндері онсыз да жетіп жатыр. Жүректен шыққан ән, жүректен табылады деп ойлаймын. Тыңдармандарым сіздерге мың алғыс, жуырда жаңа бейнебаян! 
Сүйікті әншіңді белгіле», - дейді Динара Сұлтан.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр