“Көре алмаушылықтан” құрбысын өлтірген ЕҰУ студентінің соты басталды

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 10:49

Басты күдікті 23 жастағы Баян Шалқарова бүгін Астанадағы Қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотында жауап беріп жатыр. Ол өзінің құрбысы Ұлжан Рысқұлбекованы өлтірді деп айыпталуда.

zhenshchina-v-naruchnikakh1

Бұл туралы Skifnews хабарлайды.

Қанды оқиға өткен жылдың қазан айында орын алған болатын. Филология факультетінің 4 курсында оқитын қыздың қанға боялған денесі өзі тұратын үйдің подъезінен табылды. Көп ұзамай осы іске қатысы бар деген күдікпен оның құрбысы, пәтерде бірге тұратын Баян Шалқарова ұсталған еді.

Сот отырысына қатысып жатқан марқұмның анасы Қаламгүл Рысқұлбекова екі қыздың өткен жылдың жазында танысқандығын айтады. Ұлжан ол кезде қосымша ақша табу үшін жеке компаниялардың біріне жұмысқа тұрып, Баянды сол жерде кездестірген. Екеуі достасып, Ұлжан Баянды өз пәтеріне кіргізіпті.

“Ол өзінің бірінші сөзінде “көре алмаушылықтан” өлтірдім деп мойындады: оның пәтері болды, сабағын жақсы оқып, жақсы киінетін дейді. 9 қазан күні мен қызыма телефон арқылы хабарласпақ болдым, бірақ тұтқаны көтерген жоқ. Біз үнемі байланыста болатынбыз. 3-4 рет хабарласқаннан кейін телефонын мүлдем сөндіріп тастады, мен бір жамандықтың болғанын сездім” дейді марқұмның анасы.

Қайтыс болған қыздың денесін бір тәулік бойы іздеген. Күдікті оны кілемге орап, подъезд балконына шығарып тастаған екен. Ал, үйдегі арпалыстың, қанның іздерін жуып, тазалап қойған. Полицейлер Ұлжанның денесі табылғаннан кейін басты күдіктіні дереу қолға түсірді.

Күдіктіні сотта айыптап жатқан прокурордың айтуынша, марқұмның денесіне 20-дан астам пышақ жарақаты салынған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Жауыз қызыға аз жыл берген түрмеден шыққан соң тағы бір адамды өлтірмесіне кім кепіл

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар