Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай тұрғындарын дүрліктіріп, уысында ұстаған топ әділетсіз айыпталғанын айтты

Қордай ауылын қорқытқан күдіктілер ұрлық жасағандарынан бөлек, кісі өлтіргендері үшін айыпталып жатыр. Сонымен қатар, олар кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осы жағдайға дейін үш күдікті кісі өлтіргендері үшін, ұрлық жасағандары үшін сотталған. Оның үстіне, үшеуінің біреуі туберкулезден емделген, екіншісі жындыханада жатқан. Үшіншісі үлгілі отағасы ретінде екі баланы тәрбиелеген. Олар 10 рет ұрлық жасап, адам өлтіруге дейін барған. Бір үйді тонап болған соң, қылмыскерлер зейнеткерді соққыға жыққан. 68 жастағы ер адам алған жарақаттардың салдарынан ауруханада қайтыс болған еді.

Қылмыскерлер ұрлаған заттарын зиратта сақтаған. Олар он жылға бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін. Осыдан бөлек, үш ұрының екеуі кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлағандары үшін айыпталуда. Бірақ  қылмыскердің біреуі  өзін әділетсіз айыпталып жатырмын деп отыр.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау