Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорасының астында өріп жүрген улы жыландарды көрген ер адамның зәре-құты қалмады (видео)

АҚШ-тың Техас штатында тұратын Бобби Коуэн есімді фермер достарымен бірге өзінің фермасында жүрген кезде кішірек жыланның қораның астына кіріп кеткенін көріпті.

Қорасының астында өріп жүрген улы жыландарды көрген ер адамның зәре-құты қалмады (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мұнан кейін ер адам достарымен бірге қораны жүк тиегіштің көмегімен көтеруді ұйғарады. Алайда қораны орнынан көтергеннен кейін қатты шошыған. Оның астында улы жыландар өріп жүріпті. Құжынаған жыландардың саны 30-дан асады.

«Біз қатты шошып, қайран қалдық. Қораны көтере салысымен, оны қайтадан жібере салдық. Себебі астында жыландар қаптап жүрді», – дейді Бобби Коуэн.

Мұнан кейін достар қораны қайта көтеріп, астындағы жыландарды видеоға түсіріп алған. Артынша олардың бәрін адам мен мал жүрмейтін жерге апарып тастапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау