Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көптің сынына ұшыраған “Ninety one” тобы тарай ма

Жұрт арасында өзіндік киіну мәнерімен сынға ұшыраған “Ninety one” тобының тарайтындығы туралы сөз шыққан-ды. Алайда топ мүшелері “Ревю” бағдарламасында мұндай қауесет сөзді жоққа шығарып, діндарлардың пікіріне қатысты ойларын айтты.

image

Аталған топ мүшелерінің сыртқы келбетіне қатысты түрлі пікір айтылып қана қоймай, көп адам оларды қызтеке деп айыптаған болатын. Бұлай дейтіндерге жігіттер бірауыздан “Біз еркекпіз!” деп қысқа қайырды. Ал соңғы кезде айтылып жүрген діндарлардың дәлеліне қатысты “Бізді түрлі қараңғы дүниелердің ішіне кірігізіп жатыр, олардың мүлдем бізге қатысы жоқ” – деп жауап берді топ рэпері Дулат Мұхаметқалиев.

Мұнымен қатар, ” Топ тарайды  деген сөзді естіп қалдық. Бұл да өтірік, біз ешқайда кетпейміз. Халық арасында “91” жайлы айтсақ қызық болады деген тенденция жүріп жатқан сияқты”, – деп топ мүшелері өздерінің әлі де ары қарай өнер көрсете беретіндерін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Ринат Зайытов пен Төреғали Төреәлінің сынына әнші Есболат Беделханның жауап бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау