Көптен күткен жалғыз қызын еркелеткен Қыдырәлі жұртты сүйсіндірді (видео)

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов пен жұбайы Қарақаттың 4 ұл, бір қызы бар. Жұлдызды жұп бүгінде 1 жастан асқан Аяласын көптен күтіп, Алладан тілеп алған-ды, деп жазады Stan.kz.

Көптен күткен жалғыз қызын еркелеткен  Қыдырәлі жұртты сүйсіндірді (видео)

Қызды болған Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасында кішкентай Аяланың видеосын жариялады.

Видеода жұлдызды әке қызын айналып-толғанып, еркелетеді.

«Әкесінің Алла бере салғаны, күн мен айдан жаратып бере салғаны, таңы, бағы, жаны, жүрегі, тілегі, бәрі», – деп жазды әнші.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары жалғыз қызын еркелеткен Қыдырәліге сүйсінді.

«Алла тіл-көзден сақтасын. Көздеріңіздің қуанышы болсын», «Қыдырәлі ағамыздың Алла берген Аяласы аман болсын», «Әкелік махаббатыңыздан айналдым. Сондай керемет», «Сізге қарап өз әкемнің еркелеткені есіме түсіп кетті», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар