Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшіліктің арасында адасқан балаңызды тез табудың тиімді жолы

Әсіресе жаз мезгілінде ата-аналар балаларымен көпшілік жүретін орындарға жиі барады. Әрине ол жерде балаңызды серуендетіп немесе  танымдық дүние көрсету үшін барғаныңыз дұрыс. Дегенмен онда сіз сияқты баласын ерткен ата-аналардың көп болары анық.

әдіс

Мәселені шешудің мұндай жолын екі баланың анасы  әрі блогер Чераиз Мак Климанс өзінің жеке парақшасында жазды.

Ал адам көп жерде адасып кеткен баланы іздеп табу  үлкен мәселе екені айтпаса да түсінікті. Осы мәселенің алдын алу үшін  баланың қолына «Адасып қалған жағдайда» деген жазудың астына ұялы номеріңізді жазып, оны  балаңызға түсіндіріп қою керек. Полицияға барғанда немесе алдынан шыққан кісіге көрсетіп хабарласып беруін өтінгені жөн.

Бұл  қарапайым дүние болғанымен өте ыңғайлы. Әрі балаңызды аз уақыттың ішінде тауып аласыз.

Талқылау