Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік сот залынан босаған Сайрагүлді қошеметпен, гүлмен қарсы алды (видео)

Сайрагүл Сауытбекқызын сот сыртындағы жұрт ерекше қарсы алды.

Сайрагүлдің сот залынан босаған сәті видеомен жарияланды. Қытай қазағы Сайрагүлге бір топ адам қошеметін білдірді. Сайрагүл Сауытбайдың өзі сот төрағасына алғысын жеткізді.

“Қазақстанда ең әділетті сот бар екенін айтқым келеді. Елде осындай әділ жандар барда, Қазақстан өркендейтін болады. Осы уақыт аралығында өзімнің жалғыз емес екенімді білдім Мен бақыттымын”, – дейді ол.

Бала-шағасы үшін Қытайдан Қазақстанға оралмақ болып, шекараны заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды.

Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты.

Сот  Сайрагүлді 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза тағайындады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау