Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Отандық жұлдыздардың отбасын көпшілік алдына шығару туралы пікірі қақ бөлінеді. Бұған дейін жанұясын жасырып келген Қайрат Нұртас бүгінде бұл ойынан айныған. Ал отбасын ел назарына шығармайтынын айтқан Төреғали Төреәлі де соңғы уақытта әйелі мен қызының суретін желіде жиі көрсетіп жүр. Десе де танымалдар арасында отбасы туралы жақ ашпайтындар да аз емес. Танымал тұлғалардың көлеңкесінде қалатын жұбайлары кімдер? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі жазады.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Динара Сұлтан 21 жасында тұрмысқа шықты. Өмірлік жары – меценат Ерлан Қожасбай. Жастайынан спортты серік еткен жігіт бүгінде отандық меценаттардың тізіміне еніп үлгерген. Сондай-ақ, олар «махаббаттың жасқа қармайтынын» дәлелдеген жұп. Өйткені, дерек көзіне сүйенсек Динараның сүйіктісі өзінен 17 жас үлкен көрінеді. Ал, жұбайлардың таныстығы отандық телеарналардың біріндегі «Екі жұлдыз»  жобасында басталған. Бүгінде Ерлан мен Динара – 3 қыз, екі ұлдың ата-анасы.

 

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

«Махаббат жалыны» әнімен көпшіліктің жүрегін жаулаған Мәдина Сәдуақасова 2014 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан. Әншінің күйеуі Олжас Смағұлов телевидение саласында жұмыс істейді. Алайда оның «көпшілік ортаны ұнатпайтынын» Мәдинаның өзі де мойындаған еді. Бүгінде ерлі-зайыпты Әнуар есімді бір ұлын тәрбиелеп отыр.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева 2010 жылы Нұржан есімді жігітке жар атанды. Актрисаның күйеуінің өнер әлеміне қатысы жоқ. Алайда оның  туған әпкесі Дария Жүсіп  Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында жұмыс істейді. Салтанат күйеуімен әріптесі әрі болашақ қайын апасы арқылы танысқан. Бақаеваның күйеуі туралы көп мәлімет жоқ. Өзі де отбасы туралы жиі айта бермейді. Тек Нұржанның жеке кәсіпкер екені белгілі. Бүгінде ерлі-зайыпты – Әмір, Әділ, Айтөре есімді 3 ұлдың ата-анасы.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Әнші Айқын Төлепберген бірінші әйелі Әселмен 18 жасында ЖОО қабырғасында жолыққан. Бастапқыда Әсел жас әншіге назар аудармағанымен, артынша екеуінің арасында сезім пайда болып, 10 жыл жүріп барып шаңырақ көтерген. Әнші өзіне бір ұл, бір қыз сыйлаған әйелін  «Каждый день» аталатын әнінің бейнебаянына түсірген еді.

Бейресми мәліметке сүйенсек, былтыр Айқын «Кешью» тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалиді екінші әйел етіп алған. Бүгінде олардың бір ұлы бар.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шыққан. Оның өмірлік жары – Беркінбаев Қайрат Шерәліұлы екені белгілі. Ләйлә жұбайын алғаш 21 жасында көрген. Бұдан кейін арада жеті жыл өткен соң “Сунекеш” тобының солисі Мақпалдың тойында жүздеседі. Екеуін Жанатбек Бәйтеков таныстырады. Халық қалауы болуға үміткер болуды жоспарлаған Қайрат мырза Ләйлә ханымнан жұмысқа байланысты көмек сұрап, телефон нөмірін алады. Артынша сезімін білдіріп, жұмысына жиі баратын әдет шығарады. Журналист өзінің отбасылы адаммен көңіл қоса алмайтынын айтып, бұл әрекетіне қатты ашуланған екен. Кейін мән-жайды білген соң көңіл қосып, отбасын құрады. Бүгінде Қайрат пен Ләйләнің 2 ұлы бар.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Динара Қырықбаева желідегі парақшасында отбасының суретін ара-тұра жариялағанымен, жанұясы туралы көп айта бермейді. Ол Олжас есімді азаматқа 2015 жылы жар атанды. Әнші жұбайымен 20 жасында әпкесі арқылы танысқан. Бүгінде екеуі Айша есімді қызы мен Бисұлтан есімді ұлын тәрбиелеп отыр. Босанғаннан кейін отбасы-ошақ қасынан шыға алмай қалған Динара екі баласының тәрбиесімен айналысуда. Сондай-ақ, салтанатты шараларды ұйымдастыратын агенттік ашып алған. Алайда ол әлі де сахнаға қайтып оралмақ.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Айдана Меденова 2015 жылы өзінен 7 жас үлкен Әлішер Нұржанов есімді азаматқа жар атанды. Бір үйдің еркесі болған сылқым жарымның өзімнен үлкен болғаны қайта жақсы деген пікірде. Әншінің сүйіктісі шоу-бизнес саласында көп уақыттан бері продюсер болып жүр.  Сондай-ақ, Әлішер өнерде жүрген жұбайына продюсерлік етуде. Бүгінде Әлішер мен Айдана Әмина есімді қызы мен Әлихан есімді ұлын тәрбиелеп отыр.

Айта кетсек, Әлішер бұрын үйленген, алғашқы некесінен алтын асықтай қос ұлы бар.

Көпшілік назарынан тыс: Отандық жұлдыздардың көлеңкесінде қалған әйелдері мен күйеулері

Әнші Лидо 2007 жылы Руслан есімді азаматпен шаңырақ көтерді. Әншінің сүйіктісі танымалдардың қатарынан емес. Оның тек кәсіпкер екені белгілі. Лидия Досалинаның сөзінше, күйеуі оқыған, білімді адам. Онымен кез-келген тақырыпта әңгімелесуге болады, дейді Лидия ханым. Десе де оның өмірлік жары туралы мәлімет жоқ. Бүгінде ерлі-зайыптының екі ұлы, бір қызы бар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау