Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік Бүркіттің ата-анасын голливуд жұлдыздарына ұқсатты (фото)

Әнші Бүркіт желіде кезекті жазбасымен бөлісіп, алғаш рет ата-анасын көрсетті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол анасы Айша Көпжасарованың жуырда “Ана жүрегі” атты жаңа кітабының жарық көретінін айтып, тыңдармандарынан сүйінші сұрады. Бұл ретте Бүркіт отбасылық фототүсірілімде түсірілген суреттермен бөлісті.

Беркут-1-200217

“Әкем, анам, Аиша, мен. Мен үшін өмірлік фото”, – деп жазады Бүркіттің өзі.

Желі қолданушылары Бүркіттің киген киімдері мен образдарына қарап, ата-анасын голливуд жұлдыздарына теңеді.

“Айша апа, Бекжігіт ата, өте керемет түсіпсіздер”, “Әкеңіз итальяндық актерге қатты ұқсайды екен”, “Тамаша фото, анаңызды қайдам, әкеңіз бейне бір голливуд актері сияқты екен”, “Жарыңызды анаңызға ұқсатып алған екенсіз”, “Қандай керемет, ата-анаңыз шынымен де голливуд жұлдыздары секілді әдемі”, “Әкеңіз Дон Калион секілді”, “Анаңыз өте жас, француз әйелі сияқты, ал әкеңіз итальяндыққа ұқсайды”, “Аристократтар”, – деп пікір білдірді тыңдармандар.

Аиша-200217

Талқылау