Көпшілігіміз ескермей күнделікті қателік жіберіп жүрген 10 мәдениеттілік белгісі

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 14:07

Барлығымызға ата-анамыз бала кезімізден мәдениетті болуымызды санамызға сіңіріп келеді. Алайда, көпшілік ортада, қоғамдық жерлерде ескеретін мәдениеттілік белгісін бәріміз ескере бермейміз.

chncdhaHR0cHM6Ly9tYXJrZXRpdW0ucnUvd3AtY29udGVudC91cGxvYWRzLzIwMTYvMTAvNjdjOGZiNjJkNzE4NTg3NzkxMTdmMjhmMzM1ODQ3YmQxLmpwZw==.prx.4a9f6287

  1. Адамдар түшкіргенде аузын оң қолымен жауып жатады

Көп адам түшкіргенде оң қолымен аузын жабады. Адамдар бір біріне оң қолын беріп амандасатын болғандықтан, түшкіргенде оң қолымен аузын көлегейлеу этикетке жатпайды.

  1. Амандасқанда қолды әлсіз қысу

Қолды қаттырақ қысу адамның достығының беріктігін, құрметінің белгісі ретінде саналады. Сондықтан танысқанда да, амандасқанда да қолды әлсіз қысу мәдениетке жатпайды.

  1. Сізді таныстырғанша күтіп тұру

Кей кездерде әріптесіміздің не таныстарымыздың есімін ұмытып қаламыз. Сондай жағдайлардың боларын ескеріп, өзіңізді бейтаныс жанмен таныстыруын күтіп тұраңыз. Өзіңіз бастап қол беріп, танысу ерсі емес.

4.     Үнемі кешігіп жүру

Адамның бір не екі рет кешуі кешірімді. Бірақ, одан көп немесе үнемі кешігіп жүру мәдениетсіздіктің белгісі. Кешігі пжүрсеңіз әріптесіңіз бен таныстарыңыздың арасында сыйыңыз жоғалады.

  1. Дұрыс отыру

Егер сіз үйіңізге жұмыстан келе салып креслоға жайғаса кетсеңіз, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ал, қызметтік кездесулерде мұндай жағдайдың бәрі ескеруге тұрады.

  1. Дәретханаға баратыныңызды бәрінің көзінше айту

Этикет бойынша, көп ішінде бәріне дәретханаға баратыныңызды жариялау ерсі саналады. Оларға тек өзіңіздің шығып келетініңізді айтып, кешірім өтінсеңіздер жеткілікті. Тіпті, эвфемизм сөздерді қолданып немесе дауыстап айтудың өзі  артық.

  1. Тұзды сұрағанда ғана беру

Өзіңіз тамағыңызға тұз қосып болған соң, өзгеге де ұсыныңыз. Үстел басында тұзды қажет ететін адам табылуы мүмкін. Кейбіреу өзіне назар аудартқысы келмей, тұзды алмай отырған болуы да мүмкін ғой.

  1. Қатты шапалақтау

Концертте отырғанда өзіңізді ұстаңыз. Қолыңызды бетіңіздің алдына дейін шығарып қошеметтеу артық болады. Қолыңызды  төмен қарай қойып қошемет білдіріңіз.

  1. Саусағымен көрсету

Адамды саусағымен нұсқау да мәдениетсіздік саналады. Егер сіз дәріс беріп тұрған лектор болсаңыз, студентті анықтау үшін көрсетуіңізге болады.

  1. Сәйкес келмейтін асүй қасықтарын қолдану

Дастархан басында әр тағамға сай ыдысты дұрыс таңдаудың өз ережесі бар.

Бастысы адам қандай жағдай болмасын, адам қалпын сақтап, әрдайым мейірімділік танытқаны әлдеқайда маңызды болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде өз-өзін өртеген 21 жастағы жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті (видео)

Ғалымдар әйелдердің күйеуінің көзіне неліктен шөп салатынын анықтады

Есіктегі топтық зорлау ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарылды

Кәсіпкер Бауыржан Оспанов Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар