Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпке танымал халық емшісі осы күнге дейін адам етін жеп келгенін мойындады

Оңтүстік Африка Республикасында екі адам кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оларға адам етін жеген деген айып тағылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Көпке танымал халық емшісі осы күнге дейін адам етіп жеп келгенін мойындады

Нино Мбата есімді танымал халық емшісі және оның жақтаушысы Лунгисани Магубани Зенеле Хлатшвейо есімді азаматты өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Мбата полиция бөлімшесіне өзі барып, ұсталған соң қамауға алынды. Ол полицейлерге адамның дене қалдықтары салынған пакет алып келіп, «адам етін жеуден шаршағанын» мәлімдеді.

Бастапқыда полицейлер пакеттегі қол мен аяқтардың шынымен де адамдікі екеніне сенуден бас тартты. Бірақ емші оларды үйіне ертіп апарып, адам денесінің қалған бөлігін көрсеткенде, тәртіп сақшылары оны қамауға алды.

Жаға ұстатарлық бұл істе жеті адам тұтқындалды. Ал үкім шығарылған күні жергілікті тұрғындар сот ғимаратының алдына жиналып, «қатігез қанішерлерге» қарсы наразылықтарын білдірді.

Алайда, республика заңнамасында тікелей каннибализмді жазалауды қарастыратын қылмыстық бап жоқ. Дегенмен, денені бөлшектеу және адамның дене қалдықтарын сақтау қылмыстық әрекет болып табылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау