Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпқабатты үйлерден кондиционерлер алынбайтын болды

Көпқабатты үйлерден кондиционерлер алынбайды. Оларға айыппұл да салынбайды. Ұлттық экономика министрлігі жақында ғана шығарған бұйрығын өзгертетін болды.

i4JbgbhsnPRd

Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлайды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мәселені ушықтырған жергілікті атқарушы органдар екен. Өйткені олар жаңа тәртіпті дұрыс түсінбей, асығыс әрекетке барған. Сөйтсе, ғимараттардың көше жақ бетіне салқындату қондырғылары мен антенналар қойылмауы керек деген жаңа ереженің осыған дейін орнатылған құралдарға еш қатысы жоқ. Оның үстіне, министрліктегілер бұйрыққа өзгеріс енгізбек. Яғни, заңды құжаттағы «көпқабатты тұрғын үйлер» деген жерін алып тастап, бұл талапты тек тарихи-мәдени нысандар үшін міндетті еткелі отыр.

1e4f98e781c54c4a1c0e84f9b8e

“Жеке шағын үйлерге және қаланың сыртында орналасқан, шет жақтарда орналасқан көшелерге орналастыру бұл талап қойылмайды. Және болашақта бұл талапты алып тастау мүмкіншілігі де қарастырылуда”, – дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі технологиялық реттеу және нормалау басқармасының басшысы Сәуле Мұстафаева.

Талқылау