Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпқабатты үй тұрғызған Меруерт Түсіпбаева халықты таңғалдырды (видео)

Бір ұлды жалғыз тәрбиелеп өсірген Меруерт Түсіпбаева бүгін көпшілікті таңғалдырды. Әнші әр ер азаматтың қолынан келе бермейтін іс жасады. Ол көпқабатты үй тұрғызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ккөпқабатты үй тұрғызған Меруерт Түсіпбаева халықты таңғалдырды (видео)“Мен салған үй, өмірімде бірінші рет ән айтудан басқа кәсіппен айналыстым. Енді 4 үйді сату керек. Бүгін сәрсенбінің сәтті күніндегі жаңалығым осы. Үй салу – менің арманым еді, мен оған қол жеткіздім, Аллаға шүкір”, – деп жазды Меруерт Instagram-дағы парақшасында.

Әнші бар жиған-терген ақшасын көпқабатты үйдің құрылысына салған. Мұндай қадамға баруына – ұлының беймәлім болашағы себеп болған көрінеді.

“Шығармашылығымда тоқырау басталған кезден бастап қалай күн көремін деген сұраққа жауап іздедім. Сол үшін туған-туыстарыммен, баламмен ақылдасып, барлық жиған-тергенімді осы үйдің құрылысына салдым. Орыстар “ұл өсір, үй сал, тал ек” деген. Бұл менің көптен бергі арманым, сырым осы”, – деп ағынан жарылды әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Меруерт Тусiпбаева. (@mira_tusupbaeva)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау