Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй салына ма? Мемлекет ақша іздеп жатыр

Астанадағы 5 баланың қайғылы қазасынан кейін еліміздегі көпбалалы аналар бас көтеріп, өз қиындықтарын ашық айтты. Осыдан кейін билік іске кірісті. Бүгінде үкімет мүшелері баспана мәселесін шешуге барынша күш саламыз деп отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, көпбалалыларға арналған бағдарлама іске қосылмақ.

Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй салына ма? Мемлекет ақша іздеп жатыр

Министр Жеңіс Қасымбектің сөзінше, 4 баладан көп отбасыларға арналған заң жобасы дайындалып жатыр екен. Бұл жоба бойынша, ата-аналар тұрғын үй жинақ банкінен екі түрлі сертификатқа ие болады. Алғашқысы, 20 пайздық жарнаның тек жартысын өтеу арқылы пәтерлі болуға арналған мүмкіндік болса, екінші сертификат қаражатты банкке 10-15 жылдан кейін қайтаруға міндеттейді, деді ол, деп хабарлайды “Еуразия бірінші арнасы“.

«Осы жылы біз жалға беретін пәтерлерге сомасын қосып жатырмыз. 25 миллиард болса, осы жылы әкімдіктерге 35 миллиард беріп жатыр. Сол арқылы жалға беретін 4000 пәтер салынады. Оның ішінде осындай отбасылар бар. Енді қазір арнайы әкімшіліктермен жұмыс істеп, мемлекеттік пәтерлердің санын көбейту үшін жұмыстарды атқарамыз деп отырмыз. Біз тек қана осындай отбасыларға қосымша пәтер салу үшін қазір қаражат іздеп отырмыз», – дейді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Министрдің сөзінше, елімізде 28 мың көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр. Оның 2 мыңы Астанада. Ал, былтыр көпбалалыларға 700 пәтер үлестіріліпті. Биыл оның саны 4 мыңға жетпек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау