Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы ана Астанада ауыр соққы алып ауруханаға түскен 5 жасар қыз баланы асырап алуға ниетті

Қарағандыда қоғам қайраткері Әлия Садырбаева туыстары ұрып-соққан 5 жастағы қызды асырап алуға дайын екенін айтты.

Кей мәліметтерге сүйенсек, қыздың өз анасы бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде, деп хабарлайды Sputnik.

Бұған дейін 5 жастағы қыз баланың ауыр соққы алып, ауруханаға түскенін хабарлаған едік.

«Менің 6 бала бар. Бұл менің аналық мейірімімнен туған шешімім. Қыз баланың ағасымен бірге тұруы қауіпті. Біз баланы қамқорлыққа алуға да, асырап алуға да дайынбыз», – дейді ол.

«Егер анасының есі дұрыс екені анықталса, баласын беруге қарсы емеспіз. Қазір оның денсаулығы мен амандығы басты мәселе болып тұр», – дейді әйел.

«Үлкен қызым 18 жаста, кіші балам 2 жарымда. Күйеуім мен балаларым бүлдіршінді асырап алуға қарсы емес», – дейді Әлия Садырбаева.

Көп балалы ана қоғамдық жұмыстармен айналысып, әлеуметтік жағдайы ауыр отбасыларға көмектеседі. Екі жылдан бері «Рахмет» атты қайырымдылық дүкені жұмыс істеп тұр.

Тағы да оқыңыз:

Қорғаушысы  Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі жағдайы туралы айтты

Дос қыздарымен жиналуға барған қалыңдық құрбыларымен тауда құлап өлді

Қытай басшысы шексіз билікке ие болды

Талқылау