Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беріледі: шарттары қандай?

Қазақстандық көп балалы отбасылар тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ала алатын болды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Жайымбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үй

Жеңілдікпен несиелендіру аз қамтылған, көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған.

Бұл жобаны іске асыру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 3 жыл бойы 50 млрд теңгеден бөлініп отырады, дейді Жайымбетов. Яғни, барлығы 18 мың займ бөлінгелі отыр. 

«25 жылдың ішінде 56 000 займ бөлінеді. Ол – 56 мың пәтер. Несиелендірудің пайыздың мөлшерлемесі – 2 пайыз, ал қарыз мерзімі – 20 жыл. Бастапқы жарна – 10 пайыз», - дейді Жайымбетов.

Оның сөзінше, 18 мың займға 150 млрд теңге бөлінген екен. Ал, 7 жыл бойы әкімдікке барып кезекте тұрып жүргендерге 40 000-нан астап жалға берілетін тұрғын үй салынады, дейді комитет төрағасы. Сондай-ақ, ол жылына 6 мың пәтер пайдалануға беріледі деп сендірді. 

Қуантарлығы, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлері және “Батыр ана” атағын алған көп балалы аналар жалға берілетін тұрғын үйді бірінші болып алатын болды. Көп балалы отбасыларға көрсетілетін көмек мұнымен шектелмейді.

Бұдан бөлек, көп балалы отбасыларға тұрғын үй алу құқығын беретін тұрғын үй сертификатын енгізу жоспарланған. Қазір ол сертификат бойынша ережелер әзірленуде.

«Жергілікті атқарушы органдар арқылы 5 жыл ішінде 85 млрд теңге бөлінеді. Әр әкімдік шамаларына қарай қаражат бөлетін болады. Осыған дейін “Нұрлы жер”, “-20-25” бағдарламалары бойынша дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер үшін қаражат бөлініп келген болса, енді көп балалы, толық емес және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілсін деген ұсыныс бар», — деп түйіндеді Комитет төрағасы.

Талқылау