Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көпбалалы отбасыларға берілетін баспананың құны белгілі болды

Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін баспана бағасының бір шаршы метрінің құны шамамен 140 мың теңге болады. Бүгін көпбалалы жанұяларға берілетін баспана мәселесі туралы сөз қозғаған индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осылай дейді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін баспананың құны белгілі болды

Өз сөзінде министрдің орынбасары бүгінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бірнеше тетіктің пысықталып жатқанын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Вице-министрдің сөзінше, көпбалалы отбасыларға «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында берілетін баспананың бағасы шамамен 140 мың теңдеген қарастырылуда.

«Алдымен тұрғын үй аумағының параметрлерін белгілеп алғымыз келді. Кейін жергілікті атқарушы органдардан ұсыныстар түсті. Егер біз пәтер бағасын белгілесек, онда олар әкімдіктерге өздері шешім қабылдауға мүмкіндік бермекші», - дейді Өскенбаев.

Десе де ол бұл әзірге нақты және соңғы шешім еместігін ескертті. Әйтпесе, қазір мұның бәрі солай болып көрінуі мүмкін, дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр