Консерві қалбырымен жүрген 8 жасар сириялық қызға протез аяқ сыйлады (фото)

Аяғы жоқ сириялық қызға протез сыйға берді. 8 жасар қыз осы уақытқа дейін консерві қалбырларының көмегімен жүріп келген еді.

Майя Мерхи аяқсыз туғандықтан әкесі консерві қалбырлардан қолдан протез жасап берген.

Қыздың суреті желіге жарияланған соң оны Түркияға алып кетті.

Әкесі Идлибтен Алеппоға қашқанын мойындады.

«Біз көп қиындық көрдік. Шатырда тұрдық. Майя жүре алмағандықтан жерде жата бермеу үшін әлдене ойлап табу керек болды», – дейді әкесі.

Дәрігерлер Майяның 3 ай ішінде жаңа протезге үйреніп кететініне сенімді. Олар қыздың әкесіне алғыс айтты.

«Әкесі қызы жүре алуы үшін қолынан келгенін жасады. Біз көзбен көрмегенде қыздың қолдан жасалған қалбырлармен жүре алғанына сенбейтін едік», – дейді дәрігерлер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар