Көңілімді түсірмеймін: Илья Ильин әлем чемпионатының алдындағы жағдайы туралы айтты

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин алдағы күндері Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алдында денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Илья Ильин

Бұл туралы спортшы Instagram желісінің Stories бөлімінде айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін спортшының биылғы әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған еді. Мұндай мәлімдемені Ильяның өзі жасап, денсаулығының сыр бергенін айтты. Десе де Қазақстан құрамасы ұсынған алдағы додаға қатысу үшін ұсынған өтінімде Ильиннің есімі көрсетілген.

«Көптеген протрузия мен омыртқаның екі жарығын анықтады. Оның бірі кішкентай, ал екіншісі жұлынға әсер етуде. Соның салдарынан штангпен жаттығу жасаған кезде қиналып қаламын.

Емделіп, өзімді күтуім керектігін айтты. Ертең оңалту процедураларын алуға барамын, содан кейін Түркияға кетемін», – дейді Ильин.

Сонымен қатар ауыр атлет соңғы 2 жылда көп жаттықпағанын айтты. Сондықтан осындай қиындықтар пайда болды, дейді ол.

«Бұл қиындық 2015 жылдан бері болған еді. Алайда ендігі мен бойымда не болып жатқанын және қалай емделу керектігін білемін. Ем-домға бірнеше ай қажет болады деп ойлаймын», – дейді спортшы.

Қажетті ем-домды алғаннан кейін Илья жаттығуды қайта бастамақ. Тіпті, жарыстарға да қатысуға ниетті екенін айты.

«Мен көңілімді түсірмеймін. Бәрі жақсы», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар