Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын": Тау ішінде билеген Өмірқұл Айниязов жұртты тамсандырды (видео)

Тау ішінде билеген Өмірқұл Айниязов жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өмірқұл Айниязов әлеуметтік желідегі парақшасында таудың ішінде ән қосып қойып, билеп жүрген бейнежазбасын жүктеген. Ән сапарға кетіп бара жатқан әншінің көңіл-күйі де ерекше. Өмірқұл Айниязовқа таудың әдемі көріністері қатты әсер етіп кеткен сияқты.

"Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын. Кешке Жаркентте күтіңіздер. Биіме қандай баға бересіздер", - деп жазды өнер иесі.

Өнер иесінің тау ішіндегі биін көрген жұрт таңқалысып пікір қалдырды.

"Өмеке, кластастар қайданы билеп жіберсеңші", "Құрдас, биің өзіңе жарасып тұр", "Қызықтырып жібердіңіз ғой! Табиғат қандай, əнші жігіт одан ары сəндендіріп жіберді!", - деп жағымды ойларын жазды жұрт.

Талқылау