Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңіл-күйіңізді көтеріңкі ететін денсаулыққа пайдалы тағамдар

Түскі астан кейін 15-20 минут өткен соң жеуге болатын, көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймай, ағзаңызға пайдасын тигізетін тағамдарды ұсынамыз.

Еда, которая сделает вас счастливым

Егер сіз қатаң түрде диета ұстанған болсаңыз да, картоптан дайындалған тағамдардан мүлде бас тартуыңызға болмайды. Картоп арқылы ағзада серетония түзіледі. Біз картоптың өзін айтып жатырмыз. Ал, химиялық қоспалармен жасалған картопты өнімдердің денсаулыққа ешқандай пайдасы жоқ.

Егер сіз өзіңізді бақытты сезінгіңіз келсе, күнделікті көкөністерді тұтыныңыз. Олар ағзадағы фолий қышқылын көбейтеді. Және депрессияының алдын алады. Салат жапырағы, орамжапырақ, қояншөп , жасыл шөптерді көптеп жеңіз.

Сіздің ас мәзіріңізде грек жаңғағы миндаль, балық пен түрлі сұйық майлар болу керек.  Жаңғақтар мен десерттер, сұйық май мен лимон қышқылы қосылған салаттар жеу өте пайдалы.

Мандарин, грейпфрут, апельсиндер  В, С, тобындағы витаминдер мен микроэлементтерді көбейтіп, жүйке жүйеңізді қалпында сақтайды. Тек шектен тыс жемегеніңіз абзал. Көп жеген жағдайда бетіңізде қызыл дақтар пайда болып, көзіңіздің айналасы ісіп кетуі ықтимал.

Құлпынайда С; Е,В витаминдерінен бөлек, магний, калций және өзге де минералдар бар. Әрі жүйке жүйеңіздің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.

Авокадо – ағзаға ең пайдалы жеміс. Бұл тұрғыда келгенде, үнемі осы жемісті тұтынатын мексикалықтарды бәріне үлгі етуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау