Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көндіге алар емеспін, балалар да сағынып жүр": Қызды құтқарамын деп көз жұмған сержанттың әйелі

12 жасар қызды құтқарамын деп мерт болған сержанттың әйелі болған жағдайға әлі де сене алмай жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Alt

Соңында анасы мен әйелі және екі ұлы қалған Ерлан Райымқұловтың ерлігін барша жұрт еске алып, оны жоғары наградалармен марапаттады. Марқұмның отбасы өз кезегінде болған жағдайға әлі де көндіге алмай жүргенін айтады. 

Марқұм Жамбыл облысы Шу қаласының тумасы. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін әскери өмірді өзі таңдаған. Әуе қорғаныс күштері қатарында 5 жыл еңбек етіп, кейін жүргізуші болып қызмет еткен. Оның әйелі балаларының әкесін қатты сағынып жүргенін айтады. 

"Болған жағдайға әлі де сене алар емеспін. Оны әлі де жібере алмаймын. Осы нәрсеге көндігу үшін уақыт керек шығар. Жолдасымның жоқ екеніне көндіге алмай жүрмін. Балалар да қатты сағынып жүр", - деп көзіне жас алды Айгүл Қатышева. 

Ал Ерлан Райымқұлов құтқарған қыздың отбасы оған шексіз алғысын білдіруде. 

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 10 мамырда «Газмаштаппара» бағбандық қоғамының аумағында орын алды. Раимқұлов 12 жастағы қыздың суға батып бара жатқанын көріп, оны құтқаруға бірден бел буды. Алайда қызды құтқарамын деп, өзі ерлікпен қаза тапты.

Талқылау