Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақтарыңызды Бәйтерек пішініндегі тамаша бәлішпен таң қалдырыңыз

Күні кеше “Сымбат” сән академиясында өткен байқауда қазақстандық сәнгерлер мен аспаздар тың туындыларын таныстырған-ды. Аталған байқауға инженер-технолог Әбдрахманова Ратгүл Түгелбайқызы да қатысып, жұртты қатпарлы қамырдан әзірленген “Бәйтерегімен” таң қалдырды. Оның биіктігі шамамен 1 метрге жетеді екен.

новый коллаж

Ал ерекше асты дайындау әдісін шараға қатысқан Stan.kz тілшісі біліп қайтты.

Ұмыт қалған ұлттық тағамдарды қайта жаңғыртқан аспаздар сайысында қатпарлы қамырдан әзірленген “Бәйтерек” ерекше көзге түсіп, әділқазы алқаларының оң бағасын алды. Себебі, бұл тағам күнделікті тұрмыста ғана емес, той-думанда да көп әзірлене бермейді. Ол алғаш рет жасалып отыр десек те болады. Авторлығы инженер-технологтың өзіне тиесілі.

“Астанамыздың төрінен орын алған Бәйтерек  – барша халқымыздың ғұмырлы мұрасы. Оның идеясы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. 97 метрлік алып ғимаратпен теңеспесе де, қатпарлы қамырдан кішігірім макетін жасаған жайым бар. Тамақ өндірісінің маманы болғандықтан, әрі-бері ойланып ерекше бірнәрсе ұсынуды жөн көрдім. Осылайша, ақ ұнның ең жоғарғы сұрыпын пайдалана отырып “Бәйтерек” әзірледім”, – деп Ратгүл Түгелбайқызы нұсқаулығымен бөлісті.

3E0A8040

“Бәйтеректі” әзірлеу үшін келесідегідей азық-түліктер қажет:

-5 стақан ұн (жоғарғы сұрып);

– 200 грамм сары май;

– 3 жұмыртқа;

– 1 лимон;

– майда кәмпит, құрт немесе бауырсақтар қажет (қалауымызша).

3E0A7829

  1. Ұн мен сары майды жақсылап араластырамыз.
  2. Үстіне лимон шырынын тамызамыз.
  3. Кейін 2 жұмыртқа қосып, жақсылап илейміз.
  4. Қамырды целлофанға салып, бір тәулікке тоңазытқышқа саламыз.
  5. Дайын болған қамырымызды келесі күні қалыңдығы 4 мм, ал ұзындығы 20 см болатындай етіп жаямыз.
  6. Қамырды алдын ала “Бәйтерекке” ұқсатып жасалған темірге ораймыз.
  7. Сыртына жұмыртқаның сарысын жағамыз.
  8. Пароконвектоматты 180 градусқа дейін қыздырып, 10-15 минут пісіреміз.
  9. Піскен соң Бәйтеректің үстіндегі жұмыртқаның ішіне кәмпит, бауырсақ, құрт сындыларды саламыз.

3E0A8028

Осымен ерекше асымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Ал аталған сайыста бірінші орынды иеленген Әуезов ауданының “Алматы облысы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі” 2017 жылы Астана қаласында өтетін EXPO көрмесінде шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын болады. Екінші орынды Әбдрахманова Ратгүл Түгелбайқызы иеленсе, үшінші орын Чумакова Лаураға бұйырды.


Оқи отырыңыз:

Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық

Ғалымдар тағамнан майды алып тастайтын ыдыс ойлап тапты

Жерге түскен тағамды жеуге бола ма

Депутаттар үшін 1 тонна қызыл балық пен қымбат тағамдарға тапсырыс берілген

Талқылау