Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақтарға үндемей ақша беріңдер деген қалыңдық күлкіге қалды

Үйлену тойына шақырылған америкалық бойжеткен қонақтарға бір парақ «адам шошырлық» тізім жазып жіберген қалыңдықтың талаптары туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қонақтарға үндемей ақша беріңдер деген қалыңдық күлкіге қалды

Үйлену тойына қонақ болып барған қыз тізімді той үйлестірушісі мерекеден бірнеше күн бұрын жібергенін айтты. Тізімнің басында жазылған талаптар ақылға қонымды болғанымен, арты адам шошырлық. Жас қалыңдық қонақтардан рәсімнің басталуына 15-30 минут қалғанда келулерін, сондай-ақ қыздардан ақ және ақшыл түсті көйлек кимеулерін сұраған.

Дегенмен үйлестіруші үйлену тойына келетін қыздарға боянуға болмайтындығын және шаштарын тек буып немесе түйіп келуге ғана рұқсат етілетінін айтты. Ұйымдастырушы қонақтардан қалыңдықпен мүлдем сөйлеспеуді, сондай-ақ жас жұбайларға сыйлық ретінде кемінде 75 доллар берулерін сұрады. Егер аталған сомадан аз ақша берілсе ол қонақтарды салтанатты рәсімге кіргізбеймін, деп қорқытқан.

Сонымен қатар, тойға шақырылған қонақтарға мерекелік шараны түсіруге рұқсат етілмеді. Егер олар әлеуметтік желіге той суретін жүктегілері келсе, ол үшін жас-жұбайлардың рұқсатын алулары керек. Оның өзінде барлық жарияланымдар тек арнайы хэштегпен салынуға тиіс екен.

Алайда, той қонақтарына осындай талап қойған қалыңдық желі пайдаланушыларын күлкіке қарық қылды. Кейбіреулері үйлену тойына мүлдем бармауға немесе барлық ережелерді бұзуға кеңес берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау