Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақүйді тонамақ болған ұры аяғынан шыққан сасық иіс үшін ұсталып қалды

Қытайдың Ваньчжи қаласында қонақүйді тонамақ болған ұры аяғының сасық иісі үшін ұсталып қалды.

Қонақүйді тонамақ болған ұры аяғынан шыққан сасық иіс үшін ұсталып қалды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам күзетшілер жоқ болған кезде қонақүйге ұрланып кіріп алған. Артынша дыбысын шығармау үшін бәтеңкесін шешіп тастапты. Алайда бөлмелердің бірінде отырған қонақүй иесі дәлізден шыққан жағымсыз иісті сезіп қояды.

Ол бірден дәлізге атып шығып, ұрыны қуа жөнелген. Ұры көлік тұрағының маңында қолға түсті.

Ол тұтқындалғаннан кейін сол күні тағы бірнеше қонақүйді тонап үлгергенін мойындады. Айтуынша, ол ақшаға тұқтаж болғандықтан осындай әрекетке барған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау