Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коммуналдық қызмет ақысының қымбаттау себебі белгілі болды

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет коммуналдық қызметтер тарифі өсуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жыл басынан бері республиканың 5 аймағында сумен қамту бағасы қымбаттады. Әсіресе, басқа облыстарға қарғанда СҚО-да ең көп өсім байқалады. Енді оларға 1 текше метр үшін әдеттегі 73 теңге емес 80 теңге төлеуіне тура келеді. Жарық пен жылу бағасы да көтерілді. Атырау обылсы тұрғындары жылу үшін 62 теңгеден көп төлейтін болса, Павлодар жіне СҚО тұрғындары 150 теңге төлейді.

Электр энергиясының бағасы 7 аймақта өсті. Ақтөбе облысында ең көп өсім байқалды – 10%.

Комитет өкілдерінің айтуынша, тариф көтерілуі өсім активтердің құнсыздануына байланысты.Соның салдарынан ұсынылатын қызметтердің сапасы мен сенімділігінің төмендеуі. Сондықтан, бұл салаға көп инвестициялар қажет екенін айтты.

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеттің айтуынша, белгіленген тарифтер келесі 5 жылда өзгермейді.

“Тарифтерді бекіту кезінде уәкілетті орган «Табиғи монополиялар туралы» Заңды басшылыққа алады. Оған сәйкес тарифтер белгілеуде экономикалық негізделген шығындар да есептеледі. Тарифтің көтерілуіне бірнеше фактор әсер еді: электр энергиясының бағасы, жанар-жағар майдың, шикізат пен материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жөндеу жұмыстарының бағасы”, -дейді  ҚР Энергетика министрлігі Сумен жабдықтау және санитария саласындағы реттеу департаментінің бастығы Айнұр Ибраева.

Тағы оқыңыз:

Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтып берді

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Талқылау