Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коммуналдық компаниялар алматылықтарды алдап, 7 миллиард теңгеге жуық ақша сыпырып алды

Алматы тұрғындары коммуналдық қызметтерге 6 млрд теңгеден астам қаржы артық төлеген болып шықты. Адам сенгісіз есепшотты көрген қала халқы прокурорға шағымданды. Ал тексеру барысында қадағалаушы орган көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Коммуналдық компаниялар алматылықтарды алдап, 7 миллиард теңгеге жуық ақша сыпырып алды

«Тексеру нәтижелері бойынша монополистер мен кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған сома өтелетін болады. Бұл жұмыспен біздің шаралар бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айналысады»,- дейді Алматы прокурорының көмекшісі Роллан Ягмусов.

Алматылықтар жылына бір рет жарық, су және жылу үшін артық есептелген, яғни қолдан көтерілген есеп алған. Прокуратура бес компанияның тарифтерді заңсыз көтергенін анықтады. Мысалға, энергетиктер модернизациялық желілерге кететін шығындарды жасанды түрде өсірген. Су холдингі шығынды тұтынушылардың есебіне жазып отырған. Ал газовиктер тарифтік сметаны орындамаған. Осылайша, халықты қанаған коммуналдық қызметтер жақын арада қайта санау жүргізуге уәде берді.

«Қазіргі уақытта біздің тариф 5,73 тиынға тең. Біз оларды шынымен де алдық және өзіміздің желілерге инвестицияладық. Бұл сома ағымдағы қысқарту есебінен азаяды. Болашақта біз тағы да тарифтерді қолданбаймыз және тіпті қолданыстағы тарифті азайтамыз»,-деді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ операциялық және диспетчерлік басқармасының басшысы Борис Бабенцов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау