Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Бейсенбі, 11 Қаңтар , 2018 17:03

Ақтүтек боранда ағаш бұтасынан ұстап қалуға тырысқан қос бойжеткеннің видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбаны куәгер ер адамдар түсірген. Осы орайда Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбеков қыздарға көмектесудің орнына, таспаға түсіре жөнелген тұрғындарды сынады, деп жазады Stan.kz.

“Бүгін желіде пайда болған видеоға айтар сөз таба алмай отырмын. Ер адамдар көмектесудің орнына көлікте отырып алып, видео түсірген. Тағы ерінбей видеоға ән қосып қойыпты”, – деді ол.

Әкім қала тұрғындарын мейірімді болуға, бір-біріне көмектесуге шақырды.

“Құрметті тұрғындар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабырлы болуға әрі бір-біріңізге көмектесуге шақырамын. Жол бойында қатты желден жүре алмай жатқан адамдарды, көліктерді көрсеңіздер, тоқтап көмектесіп жіберіңіздер. Мейірімді болайық”, – деп жазды ол.

Уважаемые жители! Давайте в такие дни неблагоприятных погодных условий быть терпимее , помогать друг другу , если видите что по дороге люди не могут идти из-за сильного ветра, их заносит, машины застряли остановитесь ,помогите, и будьте добрее и дружелюбнее! 🙏 Моему возмущению нет предела видосу, которое сегодня появилось в сети. Сидят мужчины в машине и снимают видео и не могут даже выйти помочь . Ещё и песню не поленились к видео прикрепили. 😡

Публикация от Arman Turlubek (@arman_turlubek)

Жіберіп алмаңыз:

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды

Қазақстанда көлік ережесіне айыппұлдың 5 жаңа түрі енгізілді

Павлодарда үш балалы ана қақаған қыста екі айдан бері жертөледе тұрып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар