Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көмекке 12 көлік шақырылды: Атырауда студенттер газдан уланып ауруханаға түсті

Атырау қаласында колледж студенттері уланып аурухана түсті. Оларға әзірге газдан уланған болуы мүмкін деген диагноз қойылды. Студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 12 бірдей арнайы көлік келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Иісі айтарлықтай жаман болды. Кейін бәрімізді далаға шығарып жіберді. Ауа жетпей талып қалдық», - дейді студенттердің бірі. 

Студенттері уланған колледж басшылығының айтуынша, оқиға болған кезде ғимаратта 400-ден астам адам болған. Бастапқыда дәлізден газдың иісін сезіп, бастары айнала бастаған. Кейін барлығы бірдей далаға шығарылған. Уланған студенттердің жалпы саны – 20. 

Олардың біреу жұқпалы аурулар, ал қалғандары Атырау облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер дәл қазір олардың жағдайы жақсы екенін айтады.

Барлығына тиісті ем-дом жасалып жатыр. Тіпті, шетінен үйлеріне жіберіле бастаған. Полицейлер кішкентай газ балонын қолданған 17 жастағы студентті ұстады. 

Талқылау