Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комедия актері Гватемаланың президенті болды

2015 жылдың қазан айында өткен екінші сайлау нәтижесінде Моралес Гватемаланың 50-президенті болып тағайындалды. Салтанатты кешке 10 елдің басшысы мен АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден қатысты.

10038180

Сурет: Reuters Jorge Dan Lopez

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Комедия фильмдерімен танымал актер Джимми Моралес жұма күні Гватемаланың президенті болып сайланды.

Ұлықтау рәсімі орталықамерика елінің астанасындағы ұлттық театрда өтті. Моралес ант қабылдап, президенттік лентаны алды. Ұлықтау рәсімі 2016-2020 жылдар аралығындағы жаңа конгреске 157 депутатты тағайындау кезінің алдында болды.

Бұған дейін жаңа президент елдегі ең маңызды мәселе жемқорлықпен күресетінін айтып, уәде берген. Сайлау алдындағы науқанда ол тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамту мәселесін, білім беру мен кәіпкерлікті дамыту турасындағы мәселелерді қолға алатынын айтқан.

46 жастағы Моралес 4 баланың әкесі, кәсіпкер, Гватемаладағы комедия жанрының актеры, әрі режисер. Әр жексенбі сайын жергілікті телеарнадан оның сатиралық бағдарламасы көрсетіліп тұрды. Ол қорғаныс және қауіпсіздік саласында магистр дәрежесін алған.

Талқылау