Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қомақты қаржыға пәктігін сатқан 9 қыздың оқиғасы

Әр қыздың тағдыры әр түрлі құрылатындықтан, олардың қаржылай қиындықтарға тап болып жататын кездері де болады. Сондықтан кейбір қыздар қысылтаяң кездерде пәктігін сатуға бел байлайды.

518

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Пәктігін сату салыстырмалы түрде жезөкшелікпен бірдей саналады. Қыздардың пәктігін алу үшін қомақты қаржысын жұмсайтындар да аз емес. Осы ретте әлемдегі пәктігін саудаға салған қыздардың оқиғасын баяндай кетейік.

9 орында 18 жастағы студент Роузи Рид тұр

2014 жылы 18 жастағы ағылшын қызы Роузи Рид оқуының ақшасын төлеу үшін пәктігін сатқан. Ол пәктігін онлайн аукционға қойған. Ұсынысты 400-ден аса адам қараған. Солардың ішінде қыз 5 адамды таңдап алып, олармен жеке кездесе отырып, 44 жастағы British Telecom компаниясының инженерін таңдаған. Ол қызға 8400 фунт стерлинг төлеген.

914

8-орында 18 жастағы студент Алина Перча тұр

Румын қызы Алина да оқуының қаражатын төлеу үшін 18 жасында пәктігін сатқан. Ол үшін қыз 8800 фунт стерлин табыс тапқан. Оның пәктігін 45 жастағы итальяндық кәсіпкер сатып алған. Оның алдында Алина пәктігінің жасанды еместігін растау үшін екі рет медициналық тексеруден өткен.

Алинаның айтуынша, сатып алушы азамат өзі ойлағаннан әлдеқайда жас көрінеді екен. Тіпті, жасына лайық қарны да шықпаған көрінеді.

814

7 орында 18 жастағы красноярлық қыз

«Пәктігімді 800 мың рубльге сатамын. Тез арада ақша керек. Сондықтан ең қымбатымды сатқалы отырмын. Ертең болса да, келісуге дайынмын. Тексеруге қарсы емеспін», – деп жазады ол. Бұл ұсынысты атақты пранкер Евгений Вольнов қабылдап, 900 мың рубль артық сомамен жауап қатқан.

716

6-орында UniGirl

2010 жылы Жаңазеландия студенті UniGirl деген есіммен аталған қыз қаржы тапшылығын тартып, оқуына ақша төлей алмаған. Сондықтан ол осы қадамға барып, пәктігін саудалаған. Қыздың өзі де пәктігінің 32 мың долларға өткеніне таң қалған.

619

5-орында 24 жастағы Кэти Кобблерсон

2014 жылы Кэти Кобблерсон рекорд жаңартып, пәктігін 100 мың долларға саудаға салған. Бұл хабарландыру тез арада өшірілген. Сондықтан қыздың ары қарайғы тағдыры қалай болғаны белгісіз. Оның танымал аукциоаннан тыс келісім жасасқан болуы мүмкін.

518

4-орында 20 жастағы студент Катарина Миглорини

Катарина өзге қыздар секілді пәктігін оқуының ақшасы үшін сатпаған. Ол туған қаласының тұрғындары көмектескісі келген. Оның пәктігін Нацу есімді жапондық сатып алған. Ол адам ойына келмеген 780 мың доллар ақша төлеген. Ол бәсекелестері америкалық кәсіпкерлерді басып озу үшін осынша ақша төлеуге мәжбүр болған.

422

3-орында 27 жастағы Элизабет Рейн

Медициналық колледждің жұмбақ студенті Ли Рейн пәктігін сату ісіне жауапты қарап, өзі арнайы сайт ашқан. Сайттың бір бөлігінде сатып алушылармен келісім талаптары жазылған. Табыстың 35 пайызы дамымай қалған елдердегі әйелдерді оқытуға жұмсалатын болған. Сайттың өзі Элизабеттің жалаңаш суреттерімен толысқан.

329

2-орында 18 жастағы модель Грасиэла Ятако

2005 жылы Перу моделі қиын жағдайға тап келіп, анасы мен інісінің еміне ақша таппай қиналған. Сондықтан пәктігін сатуға бел байлаған. Америкалық кәсіпкер 1,5 миллион долларға ұсыныс білдіргенде ол тезірек келісімнен бас тартуға асыққан. «Бұл ешқандай да жалған сөз емес, оның үстіне мен осылайша Перу халқының жағдайын көрсеткім келді», – деп жазады қыздың өзі.

236

1-орында 22 жастағы Натали Дилан

2008 жылы Натали Moonlite Bunny Ranch заңды онлайн бордель арқылы пәктігін саудаға қойған. Бұл ұсынысына ол 3,7 миллион доллар көлемінде ақша алған. Бұл ақшаға ол магистратурадағы оқуының ақшасын төлеп, т.б. жағдайларға жұмсамақ болған. Ол хабарландыруды Говард Стерн шоуында көпшілік көзінше жариялаған.

167

Талқылау