Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Ұлыбританияда комада жатқан науқас аппаратын өшіруге бірнеше сағат қалған кезде оянған.

Бұл туралы L!FE.ru басылымы хабарлайды.

Дәрігерлер Мартин Джервистің туысқандарына оның енді ешуақытта оянбауы мүмкін екенін айтқан. Себебі, ми тамырларындағы тромб алынып тасталған екен. Алайда аппаратын өшіруге төрт сағат қалған кезде ер адам оянып кеткен.

“Сол күні Мартинмен қоштасқалы жатқанбыз. Сондықтан таңырқағанымызды жасырмаймын”, – дейді оның әйелі Барбара. Мартиннің комада жатқанына екі апта уақыт болған екен. Хирург маман да дәл мұндай жарақаттан кейін оянған науқастардың болмағанын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Трамвай астына әдейі секірген баланың жағдайы белгілі болды

Алматылық ер адам мойнында пайда болған алып ісікті емдей алмай жүр

Ғалымдар: Ұйықтамау арқылы күйзелістен арылуға болады

Ақтау дәрігерлері бір күндік сәбиге күрделі ота жасады

Талқылау