Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Комада, бас сүйегінің бір бөлігін алып тастады: Астанада жас хоккейшінің үстіне қақпа құлап кетті

Астанада хоккей командасының 9 жастағы шабуылшысының үстіне қақпа құлап кетті, деп жазады Stan.kz.

Комада, бас сүйегінің бір бөлігін алып тастады: Астанада жас хоккейшінің үстіне қақпа құлап кетті

«Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Комада, бас сүйегінің бір бөлігін алып тастады», – дейді шайбалы хоккей бойынша мамандандырылған №10 балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің баспасөз хатшысы Анастасия Байдек Instagram желісінде.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, оқиға №10 спорттық мектептің аумағында болмаған.

Артынша елорда әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасы оқиғаға

«Футбол қақпасының құлауының салдарынан зардап шеккен бала «Номад» жекеменшік хоккей мектебінде жаттығып жүрген. Өткен жылдың соңынан бері ол елордалық «Астана» хоккей мектебінде жаттыққан жоқ. Ол тезірек сауығып кетеді деп үміттенеміз», – дейді басқармадағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр