Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолына видеокамера ұстаған азамат шымкенттік полицейлердің мысын басты

Шымкент қаласының “ОСА” қоғамдық бірлестігінің сайты “жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілерге қатысты арам пиғылды әрекеттерінің дерегін анықтады” деп хабарлайды.

04(49)

Инспетор көлік жүргізушісін жол ережесін бұзды деп тоқтатқан. Инспектор оны тоқтатуының себебін жол бөлігінде тұрған “Кірпіш” белгісімен (3.1 белгісі – “Кіруге рұқсат жоқ”) байланыстырған.

03(74)

Бірақ, жолда мұндай белгі олай шыққан. Керісінше 3.2 деген белгі (“Қозғалысқа тыйым салынған”) тұрған. Бұл белгі осы аумақта тұратын немесе жұмыс істейтін адамдардың кіруіне рұқсат дегенді белдіреді.

Осы оқиғаны жүргізуші видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген.

Сондақтан портал зардап шеккен жүргізушілер прокуратураға барып, бұл экипажды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ете алатынын және  осы учаскеде полицейлердің толтырған барлық хаттамасы заңсыз әрі қолдан жасалғанын жазған.

Ал, ешбір себепсіз айыппұл салынған жүргізуші үйіне қайтарылған.

Талқылау