Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолына мысық ұстаған жалаңаш еркек Мәскеу көшесінде кептеліс жасады (видео)

Мәскеудің солтүстік бөлігіне қарасты аймақта көшенің ортасында жалаңаш еркек қолына мысық ұстап жүрген. Ол тас жолдың ортасымен еш алаңсыз, өз бағыты бойынша еркін әрі орташа жылдамдықпен жүріп өткен.

жалаңаш

Жұрттың назарын өзіне аударған тұрғын Коровинск көшесінің бойымен Дмитровский қиылысына дейін барған. Таң қалған көлік жүргізушілері бұл азаматты анықтап көру үшін жол ортасында тоқтай қалған. Көпшілігі қолында мысығы бар жалаңаш еркекті бірден телефонға түсіре бастаған.

«Жігіттің түріне қарап оның мас немесе есі дұрыс емес деп айта алмайсыз. Ол құмар ойынында ұтылып қалған сияқты. Жұрт оған дауыс көтеріп, ұрысты да. Ол тас жолдың бойындағы кептеліске себепкер болды. Жұрттың барлығы тоқтай қалып, соған қараумен болды. Ол ешкімге жауап берген жоқ, тіпті қарамады да, тек алған бағыты бойынша кетебарды»,-деп баяндаған оқиға куәгерлерінің бірі.

Мұндай жайттар көрші Ресейде жиі орын алып тұрады. 21 мамыр күні 25 жастағы Краснодар қаласының тұрғыны түнгі уақытта жалаңаштанып алып, көшеде тұрған көліктердің үстіне шығып билеген. Көшені басына көтерген әйелді көлік қожайындары полицияға ұстатып жіберген. Ол осы қылығынан кейін психикалық ауытқуы барларды емдейтін ауруханаға жөнелтілген

Талқылау