Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия тарапы қолына гранатомет ұстаған ресейліктің суретіне ашулы

Түркия табапы Босфор бұғазы арқылы өткен ресейлік әскери кеменің сыртына бейнеленген суретке ашулы. Кеме сыртында қолына гранатомет ұстаған әскери қызметкер бейнеленген.

гранатомет

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бұны арандату деген.

Ресей мен Түркияның арасы 24 қараша күні болған қайғылы жағдайдан бастап бұзыла бастаған еді. Ол кезде Түркиялық әуе бомбалаушы зымыраны F-16 Түркия-Сирия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген болатын.

Түркия ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы елдің әуе шекарасын бұзғандықтан атып түсірдік деген еді. Ресей жағы ұшақ Түркияның шекарасын бұзған емес деп отыр.

Осы мәселеден кейін Ресей Түркияға бірқатар қатаң санкциялар салды. 1 қаңтардан бастап елдер арасындағы визасыз қатынас тоқтатылмақ.
«Цезарь Куников» Десантшылар кемесі жайлы түрік БАҚ жарияланған еді. Одан «Ресейлік әскери қызметкер гранатометті иығына көтеріп,дәлдеп тұр» делінген.

«Егер сарбаз гранатометті иығына қойып,әлдебір қауіпсіздікті бақылап отырса,мүмкін ол әуе шекарасын аңдып отырған болар. Бұл нағыз арандатушылық»,- деп жазған Чавушоглу Hurriyet басылымына.

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі келісім бойынша, Түркия Босфор бұғазы арқылы өтетін әскери,сауда кемелерін еркін өткізуі керек.
Ресей үшін Қаратеңіз арқылы өтетін кеме жолы жерорта теңізіне,ары қарай мұхитқа шығатын жалғыз жол.

Талқылау