Қолымнан келмейтіні жоқ: Мақпал Исабекова келін болуға дайын екенін мәлімдеді

“Түнгі студия” бағдарламасына қатысқан Мақпал Исабекова жұмулы көзімен қамыр жайып, елді таңғалдырды. Ол тележүргізуші Диана Қырықбаймен сайысқа түсіп, қамыр жаюдан жеңіп шықты, деп жазады Stan.kz.

мақпал исабекова

Исабекова сұхбат барысында болашақ жарының қандай талаптарға сай келуі керектігін айтты.
“Ең бастысы, бойдақ болу керек. Өйткені менің тұрмысқа шыққым келеді. Өзімнен үлкен болмау керек деген талап жоқ. Негізі бәрі қалжың ғой. Мен бұл сұрақты Алла Тағаланың еншісіне қалдырып қойдым. Қалаған күні, қашан маған өзімнің жарымды жібересің, сол күні мен оны қабылдауға тырысамын. Мүмкін мен әлі қабылдауға дайын емес шығармын”, – дейді Мақпал.

34 жастан асқан Мақпалға бүгінде “Тұрмысқа қашан шығасың?” деген сауал жиі жолданады. Әншінің өзі де отбасылық өмірге дайын. Тек жүрегінің әміршісі болар жанды Исабекова әлі кездестірмеген көрінеді. Әйтпесе о баста барлық қыздар сияқты уақытында ақ көйлек киюді Мақпал да армандапты.

“2019 жылы 35 жасқа келеді екенмін. Негізі бұл жаста кем дегенде екі баланың анасы болатын шығармын деп ойлағанмын. Бірақ менің ойлағаным бола бермейді. Сондықтан менің “мынадай болсын, андай болсын” дегеніммен, қайдан білемін? Осы студияда жүрген операторға ғашық болып қалсам”, – дейді Исабекова.
Бұл орайда Мақпал қолынан бәрі келетінін, келін болуға дайын екенін жеткізді.

“Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ. Бәрін істей аламын. Монша жаға аламын, от жаға аламын. Кез келген тамақты әзірлей аламын. Лағман созамын”, – деді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр