Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колумбиядағы әуе апаты: Ұшқыш қыз өзінің алғашқы сапарының алдына видеоға түскен (видео)

Колумбияда әуе апатына ұшырап, күл-талқаны шыққан ұшақ көкке көтерілер алдында, лайнердің ұшқышы видеоға түсіп, сұхбат берген.

d2990385e52c4467d20b09e930c22c99

Бортта футболшылармен бірге болған ұшқыш қыз кәсіби түрде сол жолы өзінің алғашқы әуе сапарына шыққан.

Видеоға қарағанда, штурвалдағы екінші пилот міндетін атқаратын қыз ұшар алдында сұхбат берген. 29 жастағы Сисита Ариас ұшақ бортынан “Шапекоэнсе” командасын көргеніне қуанышты екенін айтқан.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша Сисита Ариас Колумбияда модель болып та жұмыс істеген. Сонымен қатар ол спортпен де айналысыпты.

Еске сала кетсек, 29 қараша күні Боливиядан Колумбияға қарай ұшып шыққан әуе лайнері апатқа ұшыраған еді. Бортта 81 адам болған. Арасында бразилияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін “Шапекоэнсе” клубы да бар. Команда Оңтүстік америка кубогының финалында ойнауға бара жатқан. Деректер бойынша, апаттан тек 5 адам ғана аман қалған.

Апатқа ұшыраған ұшақты бірнеше күн бұрын әйгілі футболшы Месси мінгені де айтылған еді. Ал мадридтік “Реалдың” жұлдызы Роналду қаза тапқан футболшылардың отбасына 3 млн еуродан аударды.

Оқи отырыңыз:

Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Талқылау